376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғаламтор алаяқтарынан зардап шеккен павлодарлық кәсіпкерлердің мәселесі бақылауға алынды

  • 137
Ғаламтор алаяқтарынан зардап шеккен павлодарлық кәсіпкерлердің мәселесі бақылауға алынды

Ертіс өңірінде ғаламтор алаяқтарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің мәселесі салалық мекемелердің бақылауына алынды.

Бүгінде облыстық полиция департаментінде алданып қалған ақпараттық жүйелерді қолданушыларының ісіне қатысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандардың қолына түскен өтініштердің саны 300-ден асқан. Қазіргі уақытта мәселені шешуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де атсалысуда. Кәсіпкерлердің өтініші жерде қалмайды деп сендірді мамандар. Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін мамандар кәсіпкерлік құқықтардың бұзылуына қатысты 220-ден астам мәселенің түйінін тарқатқан. Олардың тек жартысы оң шешімін тапты.

Еске салайық, арнамызға ғаламтор арқылы алданып қалған бір топ кәсіпкер хабарласқан болатын. Алаяқтар бизнесмендердің жеке мәліметтерін қолданып, шағын несиелер ресімдеген. Соның салдарынан кәсіпкерлер қарызға батқан.

Сейфолла Қасымқанов, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Бас прокуратура бизнесмендердің құқықтарын қорғау мақсатында Жол картасын әзірледі. Жергілікті кәсіпкерлер тап болған осы тектес жағдайлар бұрын-соңды болмаған. Енді тиісті шараларды қолға аламыз. Ең бастысы, құқықтарын қорғау керекпіз.

Валентин Бримжанов, облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. Мәселе Павлодар қалалық полиция басқармасының жіті бақылауында. Тиісті амалдардың барлығын қолға алдық.

Хабар 24 телеарнасы