437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында боран келесі аптаның ортасына дейін сақталады

  • 209
  • UPD: 15:20, 23.01.2020
Қостанай облысында боран келесі аптаның ортасына дейін сақталады

Өткен тәулікте қостанайлық құтқарушылар тоғыз көлікті қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатты бораннан Амангелді, Алтынсарин, Әулиекөл және Қостанай аудандары тас жолдарында 22 адам құтқарылған. Жедел әрекет ету шараларынан ешқайсысы зардап шекпеген. Аймақтағы ауа райының күрт бұзылуынан күні кеше республикалық және облыстық маңызға ие 18 жол жабылған. Бүгін олар қалың қардан тазартылып ашылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті жерлерде қауіпсіздікті күшейтіп, арнайы штаб жұмысын бастады. Қазірдің өзінде жолдар бойында 26 жылыту бекеті орналасқан. Олар төсек-орын, азық-түлікпен жабдықталып, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек те көрсете алады. Синоптиктердің мәлімдеуінше, боран облыста келесі аптаның ортасына дейін сақталады. Бірақ температура көрсеткіші күрт төмендемейді. 

Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген кестеге көшті. Өйткені ауа райының бұзылуы бүгін және ертең де жалғасады. Соған байланысты халыққа айтарымыз, алыс жолға шықпай, біздің жіберген СМС хабарламамызды оқып, соған қарауын сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы