427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысады

  • 642
  • UPD: 15:00, 23.01.2020
Сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысады

Алматыда Орталық Азия (ОА) елдерінің әуе компаниялары басшыларының, соның ішінде Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзербайжан), сондай-ақ ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдерінің 2-ші дөңгелек үстелі өтті. Қатысушылар салада авиацияны дамыту перспективаларын, әуе қатынасы бойынша Еуропалық одақтың стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежай алымдары және API-PNR жолаушылары туралы деректер жүйесі мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында қазақстандық авиациялық билік орындары ТМД елдерінде алғаш рет енгізілген «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құру арқылы саланы реттеудің жаңа тәсілін таныстырды, оған ИАТА өкілдері мен авиациялық сарапшылар оң баға беріп, Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып осындай тәсілді іске асыратынын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті, онда 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежай кодының ауысуы расталған болатын. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Отырыс барысында әуе компаниялар қауіпсіздік авиациялық қауымдастық үшін маңызды басымдық болып табылатынына және қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне жету үшін бірлескен күш-жігер қажет екендігіне баса назар аударды. Атап айтқанда, IOSA аудиті әуе компаниялар үшін аса жоғары қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ететін маңызды бағдарлама саналады және реттеуші органдар аудитті ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру үшін маңызды бағдарлама ретінде қарастыруы тиіс. Әуе компаниялар әуежайлардағы әуе жанар-жағармайының жеткізуде тиімді бәсекелестікті қолдайды. Осы мақсатта әуежайларда әуе компанияларға әуе жанар-жағармайын жеткізу және сату үшін әуе жанар-жағармайын жеткізушілер нарығына ашық және кемсітусіз қол жеткізудің арқылы әуежайларда тиімді бәсекелестікті ынталандыратын ережелерді енгізу ұсынылады. Бұл еркін және адал бәсекелестікті күшейтеді, өз кезегінде бағаның төмендеуіне және қызмет көрсету деңгейінің артуына алып келеді.

Бұдан басқа, авиациялық қоғамдастық пен Еуропалық одақтың биліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту ең үздік тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, коммуникацияны жақсартуға және авиацияда жалпы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әуе компаниялар аймақтағы API/PNR дамуын, Орталық Азия елдерінде бағдарламаны іске асырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Әуе компаниялар API/PNR енгізу ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін, сондықтан мемлекеттік органдармен қаржыландырылуы тиіс деген пікір білдірді.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы