426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әуежайында 38 рейс кешіктіріліп, 11 әуе рейсі тоқтатылды

  • 450
  • UPD: 15:21, 23.01.2020
Елорда әуежайында 38 рейс кешіктіріліп, 11 әуе рейсі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан әуежайында боранға байланысты 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе кемелері ауа райының қолайсыздығынан көкке көтеріле алмаған. Оның бірқатары – халықаралық рейс. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақтардың басқа қалалардан кеш келуі және баратын әуежайдағы нашар метеожағдайлар себебінен ұшып келуі тиіс 22 рейс кешігіп жатыр. Желдің екпіні – секундына 20 метр. Еліміздің бірқатар өңірінде де осындай ауа райы сақталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы