379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы қар тастайтын полигондар толып қалды

  • 167
  • UPD: 20:18, 23.01.2020

Қазір қаладағы 6 арнайы орынның тек 4-еуі ғана жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған екеуі жауын-шашынның көптігінен, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар департаментінде өткен шұғыл жиында айтылды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл ақ ұлпа әлдеқайда көп түсті. Өткен түннің өзінде 27 мың текше метр қар шығарылған. Олар қаладағы 4 полигонға тасымалданып жатыр. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты оларға апаратын жолдар да жабық. Қазір арнайы техникалар осы жолдарды ашумен айналысып жатыр.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

Полигонға апаратын жолдар ашылып жатыр. Жоғарыда айтылды, қаладағы 6 арнайы орынның екеуі қарға лық толған. Біз қазір қаланы қардан тазартып, адамдар мен көліктердің қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді салып жатырмыз.

Бұған қоса, жиында әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпарат та сөз болды. Хабарламада арнайы қызметтерден басқаларына 4 күн жұмыс тоқтатылғаны айтылған. Авторы ретінде әкімдік көрсетіліпті. Алтай Көлгінов осындай мазмұндағы жалған ақпарат таратқандар анықталып, тиісті жазасын алатынын алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы