422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қар көшкіні жиілеп кетті

  • 529
  • UPD: 20:07, 23.01.2020
ШҚО-да қар көшкіні жиілеп кетті

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жиілей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түнде Өскемен – Тарғын автожолының 100-шақырымында төрт бірдей қар көшкіні тіркелді. Сол жерде жол тазалаумен айналысып жүрген «ОблШығысЖол» мекемесінің жұмысшылары бірден «Қазселденқорғау» өкілдеріне хабарлаған.

Айта кету керек, аталған бағытта кеше күндіз тағы да көшкін жүріп, жолды жартылай жауып қалған еді. Ол кезде 350 текше метрдей қар түссе, түндегі көшкін кезінде 10500 текше метрден астам қар үйіліп, жолды басып қалған. Қазір жол толық аршылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қарашадан бері бұл жақта 3 рет қарды жасанды түсіру шаралары жүргізіліпті. Алайда соңғы аптада толассыз жауған ақ ұлпа тағы да қар қабатын қалыңдатып тастаған. Сондықтан құтқарушылар алдағы күндері жолаушыларға аса сақ болуды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы