381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Бекшин: Коронавирустан қайтыс болғандардың орташа жасы 65-тен асқандар

  • 152
  • UPD: 20:32, 23.01.2020
Ж.Бекшин: Коронавирустан қайтыс болғандардың орташа жасы 65-тен асқандар

Әлемді алаңдатқан коронавирус адамнан адамға да жұғуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аурудың осы кезге дейін жануар, хайуандар арқылы таралатыны айтылып еді. Әзірге дертке қарсы вакцина да жоқ.

Атап өтейік, коронавирусқа байланысты ел шекарасында бақылау күшейтілді. Қытайдан Қазақстанға жеткен әрбір адам мен тауар тепловизордың көмегімен жіті тексеріліп жатыр. Жолаушылар, экипаж мүшелері өзге де тасымалдаушылар әуежай мен темір жол вокзалдарында арнайы қондырғылар арқылы тексерістен өтуде. Бүгінде Қытайдан елорда әуежайына 3, Алматыға 5 рейс келеді. Вирус шыққалы Қазақстанға ұзын ырғасы 13 мыңнан астам адам кірген. Біреуінен де аталған дерттің белгілері анықталған жоқ. Ал, көрші елде бұл аурудан көбіне егде жастағылар көз жұмған.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер:

- Егер адамның дене қызуы көтеріліп, жөтел, әлсіздік болса, дереу дәрігерге қаралу керек. Бұл дерттен қайтыс болғандардың орташа жасы 65-тен асқандар. Олардың иммунитеті төмен. Сәйкесінше, осы ауруға шалдығып, тез көз жұмған. Сол себепті адамнан аурудың қандай да бір белгісі байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек

Хабар 24 телеарнасы