376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апатынан зардап шеккен екі жолаушының жағдайы жақсарып келеді

  • 88
  • UPD: 22:34, 23.01.2020
Ұшақ апатынан зардап шеккен екі жолаушының жағдайы жақсарып келеді

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келесі аптада ауруханадан шығулары мүмкін. Бұл туралы емдеуші дәрігерлер хабарлады. Апаттан кейін екі жолаушы да елордадағы №2 травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген болатын. Олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханадан шыққан соң олар оңалту шараларын жалғастырады.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тауып, 52 жолаушы жарақат алған болатын.

Александр Степанов, №2 Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы:

- Біздің мамандар сол ұшақ апаты болған күні бірден Алматыға барды. Науқастардың беті бері қарағанша сол жерде кеңес беріп отырды. Содан соң осындағы институтқа жеткізілді. Біз мұнда бар мүмкіндікті пайдаланып, емдеу шараларын жүргіздік. Бір науқасқа 4 рет, біреуіне екі рет ота жасалды.

Хабар 24 телеарнасы