435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қауіпті індеттен қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

  • 430
  • UPD: 11:31, 24.01.2020

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны сағат сайын артып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша аурудың бұл түріне шалдыққандар саны 630-дан асқан. Олардың 100-і ауыр халде екен. Ел арасында тараған індетке байланысты Бейжіңде жаңажылдық шаралар өткізілмейтін болды. Оның орнына Бейжің билігі аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізбек.

Ли Шужи, жергілікті тұрғын:

- Қатты алаңдай бастадым. Отбасым да үрей бар. Олар менің жұмысқа баруыма қарсы. Өйткені біріміз ауырсақ, ол бәрімізге жұғады.

Хабар 24 телеарнасы