411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда күн шуақты болып тұр

  • 353
  • UPD: 09:34, 24.01.2020

Каспий жағасындағы қалада күн шуақты болып тұр. Күндіз Ақтауда сынап бағанасы +10 градусты көрсетті.

Жалпы осы апта басталғалы бері Маңғыстау облысында 3-4 градус аяз тек кешкі мезгілде байқалған. Тұрғындар күннің жылылығына орай әдеттегідей теңіз жағалауында серуендеп жүр. Синоптиктер болса 24 қаңтарда қарлы жаңбыр жауатынын айтып отыр. Сондай-ақ кей жерлерде қалың тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетуі ықтимал.

Динара Ілиясова, Қазгидромет РМК жетекші инженер-синоптигі:

- 24 қаңтарда Маңғыстау облысында түнде жауын-шашынды. Қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 17-22 м/с-ты құрайды. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 аяз, 3 жылыны құрайды. Ақтау қаласы бойынша көшпелі бұлтты, қар жаңбыр аралас болуы мүмкін.

- Бізде жаңа жылдан бері әлі дұрыс қар жауған жоқ. Солтүстіктегі облыстарда қалың жауған қарды жаңалықтардан көріп, қатты қызығам. Жалпы Ақтаудың ауа райы құбылмалы. Түске дейін түнеріп тұрып, кенет шайдай ашылып шыға келеді.

- Дұрыс есіме түспей тұр. Осы айдың екісі әлде үшінде ме, Ақтауға жапалақтап қар жауа бастады. Онымен ол түске дейін дым болмағандай еріп кетті.

Хабар 24 телеарнасы