422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұрнынан айырылған сәбидің отбасына 1 млн теңге төленетін болды

  • 597
  • UPD: 09:37, 24.01.2020

Былтыр мұрнынан айырылған маңғыстаулық сәбидің анасына дәрігерлер 1 млн теңге төлейтін болды.

Ақтау қалалық №2 сотында перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне қатысты сот шешімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 6 ай бұрын Бақыт Бекназарова мерзіміне жетпей босанып, шала туылған баласы тыныс алу аппаратына қосылған еді. Мұрынға кіргізілетін түтікшелер сәбидің танауындағы тінін зақымдап, орны жара болып, некрозға ұласқан. Дәрігерлер іріңдеп, жараға айналған танауына операция жасап, алып тастады. Мұрны жоқ нәресте әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Баласының болашағына алаңдаған ана дәрігерлерді сотқа берген. Мұрнын қалпына келтіру үшін 10 млн теңге талап еткен еді. Арнайы жүргізілген сараптама дәрігерлердің де, анасының да бұл іске айыпты екенін көрсеткен. Алайда жәбірленуші  шешіммен келіспей, аппеляциялық сотқа шағымданғалы отыр. 

Нұрсапа Примашов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Барлық жағдайларды ескеріп, анасының да денсаулығына немқұрайлы қарағанын, сосын баланың анасының бойында болғанда да біраз өзгерістердің болғанын, содан кейін бала ерте дүниеге келгенін, сосын дәрігерлердің де тарапынан кейбір олқылықтар орын алғанын, солардың бәрін біз ескеріп, 1 млн моральдық зиянды өтеуге негіз бар ғой деп таптық. 

Бақыт Бекназарова, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

- Мен миллион теңгеге қанағаттанбаймын. Баламның состояниесі тяжелый. Оның мұрнын емдетуге 1 млн теңге жетпейді. Таңдайын емдетуім керек. Баламды инвалид қылды. Қанағаттанбаймын. Аппеляциялық сотқа шағымданамын.

Хабар 24 телеарнасы