375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда әлемдік бренд саналатын көліктердің онға жуық түрі шығарылады

  • 134
  • UPD: 09:41, 24.01.2020

Қостанай облысы биылғы жылдың алғашқы үш айында шамамен 44 миллиард теңге инвестиция тартуды көздеп отыр. Оның басым бөлігі жергілікті автозауыттың үлесіне тиесілі. Былтыр кәсіпорын 25 мыңнан аса көлікті құрастырып шығарған. Бұл 2018 жылғыдан екі есе көп. Және өз өнімдерін экспортқа шығарып отырған еліміздегі бірегей автозауыт саналады.

Қостанайлық автозауытта әлемдік бренд саналатын көліктердің он шақты түрі шығарылады. Жеңіл машина, арнайы техникалар өндірісі жыл санап артып келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңге қарағанда екі есеге өскен. Мұнда экспорт ауқымын арттыру да басым бағыттардың бірі. 

Әділ Шайкемелов, локализация бөлімінің бас маманы:

- Ең алғашында 3 жыл бұрын бастадық экспортты. Қазіргі кезде экспорттайтын негізгі елдер, ол Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Белоруссия елдері. Жалпы экспортқа осы жылы ғана 10 миллиард тенге техника экспортқа шығарылып отыр. 

Биыл жергілікті автозауыт дамудың жаңа сатысына қадам басқалы тұр. Бүгінде өзбекстандық әріптестер кәсіпорынға мол инвестиция салуға шешім қабылдаған.  

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Өзбекстандық тарап инвестиция салса, оның көлемі үш есе артады. Яғни 30 млрд теңгеден 100 млрд-қа өседі. Әріптестік аясында Қостанайда көліктердің жаңа модельдері құрастырылады. Әзірше ірі торапты құрастыру ісі жүргізіледі. Кезең-кезеңімен локализациялауды ұлғайтамыз.   

Өндірістің өркен жаюы, қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Қазір зауытта 1200 адам еңбек етеді. Жаңа мамандар дайындау үшін кәсіпорын ішінде дуалды оқу жүйесі енгізілген. Былтыр осы жүйе бойынша 400 студент білім алыпты.  

Әмір Несіпбаев, кадрларды дайындау жөніндегі инженер:

- Зауыт аумағында 3 оқу класы, 4 оқу полигоны бар. Тек практикалық ғана емес, теориялық түрде білім беру жүйесін енгізген жалғыз кәсіпорын. Осында оқу курсынан өткен түлектердің 30 проценті автоөндірісті таңдайды. 

Тегін оқытудан тыс, автоөндіріске мамандарды тарту үшін ұсынатын әлеуметтік пакеттері де ауқымды. Өткен жылы зауыт жұмысшыларының еңбекақысы 10 процентке өсті. 

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы