377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік жұмысшылардың орнына жергілікті мамандарды дайындауымыз керек – Сапарбаев

  • 138
  • UPD: 11:34, 24.01.2020
Шетелдік жұмысшылардың орнына жергілікті мамандарды дайындауымыз керек – Сапарбаев ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қазақтанда жұмыс істейтін 550-ге жуық шетелдік елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазіргі таңда Қазақстанда 2010-ға жуық кәсіпорында шетел азаматтары жұмыс істейді. Ол кәсіпорындардағы қазақстандықтардың үлесі 96 пайыз. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Еңбек министрлігі, Бас прокуратура және жергілікті билік өкілдерімен бірігіп 30-дан астам шетелдік жұмыс істейтін 96 кәсіпорынды тексерді. Соның нәтижесінде мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Бас прокуратураның көмегімен 550-ге жуық шетелдік еліне қайтарылды. 470 еңбек шарты бұзылды», – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев.

Қазір шетелдік азаматтар жұмыс істейтін барлық кәсіпорындарға «егер шетелден жұмысшылар тартатын болсаңдар, ең кем дегенде 2-3 жылдың ішінде солардың орнына жұмыс істейтін қазақстандықтарды дайындауымыз керек» деп айтудамыз.

Хабар 24 телеарнасы