435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда мектеп оқушысын зорлаған адамға сот үкімі шықты

  • 418
  • UPD: 12:23, 24.01.2020
Таразда мектеп оқушысын зорлаған адамға сот үкімі шықты

Таразда мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкім Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жарияланды. Сот 38 жастағы ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» және 120-бабының 4-бөлігі, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау» баптары бойынша кінәлі деп тапты. Сот сотталушыны 25 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан басқа, сотталған адам химиялық кастрация рәсімінен өтуге міндеттеді.

Сонымен қатар сот жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады.

Еске салайық, 2019 қарашасында Тараздағы мектептердің бірінде оқушы қыз зорланған. 7 сынып оқушысы география пәні өтіп жатқан кезде даладағы әжетханаға шыққан. Сол жақта қаскөй оны зорлаған. Бақылау камераларында қылмыскердің мектеп айналасында бір сағат жүргені көрінеді, бірақ оқу орнының қызметкерлерінің ешқайсысы күдікті адамға назар аудармаған. Басқарма басшысы, мектеп директоры, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметінен босатылды. Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 жасар оқушы зардап шеккен жергілікті мектепте болған оқиғаға байланысты Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты жұмыстан босатуды тапсырған. 

Хабар 24 телеарнасы