437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлемдік жемқорлық рейтингінде 124-тен 113-орынға дейін жоғарылады

  • 193
  • UPD: 11:52, 24.01.2020
Қазақстан әлемдік жемқорлық рейтингінде 124-тен 113-орынға дейін жоғарылады

Қазақстан жемқорлық индексінде 124-орыннан 113-орынға көтерілді. Бұл мәліметті Transparency International қозғалысы жария етті. 180 мемлекетте жүргізілген зерттеу нәтижелеріне  халықаралық сарапшылардың саяси ашықтық, ақша және сыбайлас жемқорлық арасындағы қатынас деңгейін бағалауы негіз болды.

Қазақстан 2018 жылы жүзден 31 балл  алса, 2019 жылы 34 ұпай жинады. Демек, еліміз жемқорлықпен күресте алға жылжыған. Алайда, ең төменгі шекті деңгей 35 балға әлі жетпеген. Қазақстан бағалау рейтингіне сәйкес, Украина мен Молдованы артқа қалдырды. Жемқорлық өте аз кездесетін ел ретінде Жаңа Зеландия мен Дания танылды. 

Ольга Шиян, атқарушы директор:

- Қазақстан үшін біз үш өсу деңгейін анықтадық. Бірінші - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық құқық талаптарына сәйкестендіру.  Екіншіден,  сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кешіруге болмайды. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кілті ретінде айқындалған үшінші бағыт - мемлекеттік, ұлттық компаниялар және азаматтық ұйымдардың бюджет қаражатын басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлық үшін істі болған адамдар жұмыс істемеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы