376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде былтырдан бері жоғалған 61 адам іздестіріліп жатыр

  • 114
  • UPD: 12:50, 24.01.2020

Ақтөбеде жоғалған адамдарды іздеу полиция қызметкерлерінің ғана емес, волонтерлердің де міндетіне айналған. Олар жақынынан көз жазып қалған жандарға шын ниетімен кемектесіп келеді. Тек соңғы екі жылда топ мүшелері із-түзсіз кеткен 45 адамды тауып, жанұясына қосқан. Әрине іздеу жұмыстарының сәтсіз аяқталатын кездері де болып тұрады. Бірақ, өзгенің мұңына ортақтасып, үмітін жалғаудан жалыққан емес.

Жоғалған адамды іздеуді әдетке айналдырған еріктілер тәуліктің кез келген мезгілінде игі іске дайын. Құтқарушылардан дәріс алған олар, қаладан өзге, көмек сұраған аудан тұрғындарына да қол ұшын беріп келеді. Тек биылғы қаңтардың өзінде, үш адамды тапты.     

Бақытғали Оразғалиев, еріктілер тобының мүшесі:

- Ауа райына қарамаймыз. Қысы-жазы, қар жауын-шашын жүре береміз. адам іздейміз. 2019 жылдың басында бізде бір кісі бір ауылдан, басқа ауылға шығып кетіп, оны 21 сутка іздедік. Біздің еріктілер тапты. Ең ауыр, қиын сол болған шығар. Тірі адам тапқанда қаунамыз әрине

12 адамнан тұратын топ мүшелерінің әлеуметтік желідегі парақшасы да бүгінде көпшілікке таныс. Жоғалған адам туралы ақпарат кейде осы желі арқылы көпшілікке таратылады. Хабарсыз еткен әр жанды іздеуге мейлінше көңіл бөлініп, табылғанша тыным таппайды. Мәселен, қазір еріктілер зейнеткер Алтаф Гареевичті  іздеп жүр. Үйінен сыртқа шыққан  қарияның қайтып оралмағанына екі жылға таяп қалды. Содан бері жанұя мүшелері үмітін үзбей, күтіп отыр.     

Клара Фатхуллина, қала тұрғыны:

- Оның құлағы ауыр еститін. Үйдің ішінде де арнайы аппарат тағып жүретін еді. Мүмкін біреулерден көмек сұраған шығар. Бірақ, жауабын ести қоюы екіталай. Қазір қайда жүргенін білмейміз. Бірде, біреулер Самара қаласынан көрген көрінеді. Бірақ ол ақпарат расталмады.

Жақынынан көз жазып қалған жандар Ақтөбеде жетерлік дейді полиция қызметкерлері. Тек былтыр 120-дан астам адамға іздеу жарияланған. Қазірдің өзінде 61 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Адамдардың жоғалу себептері адамдардың өзінің істеріне жауапкершілікпен қамарайтындығы. Мысал айта кетсек, жұмысшылар басқа облыстан ауысымды жұмыстан келіп, өздерінің тума-туыстарын жақындарын ескертпей қыдырып кетеді. Сондай да жағдайлар болып тұрады. Және де жасөспірімдердің жоғалуына байланысты көбінесе ата-аналар өздерінің ата-аналық борыштарын орындамайтындығы, балаларының қайда жүргенін, кіммен жүргенін бақыламайды.

«Дегенмен, жоғалған жандар көп ұзамай табылып жатады. Тек бұл жағдайда тезірек хабарласу керек» дейді тәртіп сақшылары

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы