435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге тез арада қаржылай көмек көрсетуді тапсырды

  • 770
  • UPD: 12:49, 24.01.2020
Қ.Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге тез арада қаржылай көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге тез арада қаржылай көмек көрсетуді тапсырды.

Вице-премьер Роман Скляр: «Ұшақ апатынан 52 адам зардап шекті. Жақын арада барлығына көмек көрсетіледі. Жергілікті атқарушы билік пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарыпынан қаржылай көмек көрсетіледі», – деді.

Мемлекет басшысы барынша тездетіп көмек көрсетуді тапсырды.

«Ұшақ апатынан зардап шеккен барлық адамға Үкімет пен жергілікті биліктен көмек көрсетілуі керек. Жақын арада шешілсін», – деді Тоқаев.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктігін жоғалтып, бетонды қоршауға соғылған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған. Өрт болған жоқ. Естеріңізде болса, Алматы маңындағы Қызылту ауылында осыдан 6 жыл бұрын да жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан.

ҚР ІІМ апат салдарынан 12 адам қаза тапқанын растады. Толық тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Алматы маңындағы құлаған ұшақта барлығы 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар тізімін мына жерден көруге болады. Сонымен қатар бортта төрт шетел азаматы болғаны анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

ҚР премьер-министрі А.Маминнің төрағалығымен Bek Air әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссияның отырысы өткізіліп, ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінетінін хабарлады.

 

Хабар 24 телеарнасы