425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл 372 мың отбасыға АӘК төленген

  • 409
  • UPD: 13:57, 24.01.2020

Жыл басынан бері 372 мың көп балалы және аз қамтылған отбасына 17 миллиард теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Еске салайық, 2020 жылдан бастап елімізде әлеуметтің әлсіз тобына жататын көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеудің жаңа механизмі енгізілді. Бұдан бөлек вице-премьер атаулы әлеуметтің көмектің кем дегенде 200 мың отбасына көрсетілетінін айтты.  

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: 

- Бұл жердегі бір ерекшелік - егер жұмысқа қабілетті азаматтар болатын болса, олар ұсынылған жұмысты істемейтін болса, онда Атаулы әлеуметтік көмектен алынып тасталады. Оған қоса аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет осы айдан бастап беріле бастайды. 

Бұдан бөлек Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының шетелдік жұмысшыларға қатысты сұрағына жауап берді. Премьер-министрдің орынбасары еліміздегі 2 мыңнан астам кәсіпорында өзге мемлекеттердің азаматтары жұмыс істейді деді. Ал олардағы қазақстандық мамандардың үлесі 96 процент көрінеді. Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев шетелдік жұмысшылардың 49 мыңнан 29 мыңға дейін қысқарғанын да айтты.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: 

- Сіздің тапсырмаңызбен Еңбек министрлігі, Бас прокуратура, жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып 30-дан астам шетелдік жұмыс істейтін 96 кәсіпорынды тексердік. Соның нәтижесінде мыңға жуық заң бұзушылықтар анықталды. Бас прокуратураның көмегімен 550 шетелдік еліне қайтарылды. 470 еңбек шарты бұзылды.

Хабар 24 телеарнасы