379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда гид мамандар тегін оқытылады

  • 284
  • UPD: 14:18, 24.01.2020
Нұр-Сұлтанда гид мамандар тегін оқытылады

Елордада гид мамандары мен экскурсия жетекшілері жетіспейді, осы орайда қалалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған мамандықты игерем деушілерді тегін оқу курсына шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қаласында туризмнің дамуына қатысты шешілуі тиіс сұрақтардың бірі – гид мамандарының тапшылығы. Бізде қазақ, орыстілді гид мамандары бар, ағылшын тілі де жетіп қалады. Ал француз, итальян, неміс және испантілді мамандар жетіспейді. Осыған орай қалалық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы гид, экскурсия жетекшісі және аудармашы мамандарын даярлайтын 2 бірдей оқу орталығын ашты. Онда былтыр 77 адам білім алып шықты. Бұл жұмыс биыл өз жалғасын табады. Осы орайда айтарым, егер қаладағы қонақүйлер мен туристік ұйымдар жоғарыда аталған мамандардың білімін жетілдіргіміз келеді деп қызығушылық танытса, біз мемлекеттік қолдау көрсетіп, тегін оқу курсын ұйымдастырамыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оның айтуынша, оқуды сәтті аяқтаған мамандардың жұмысқа тұру мүмкіндігі болады.

«Оқу мерзімі маманның біліктілігіне қарай 1 айдан 3 айға дейін жалғасады. Егер оқуды сәтті аяқтаған жағдайда жұмысқа орналасу мүмкіндігі де қарастырылады. Жалпы туризм дамыған елдерде аталған мамандық иелері жоғары сұранысқа ие. Ал бізде әлі де біраз тер төгуді қажет етеді», – деді ол.

Айта кетейік, қалалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қабырғасында елордада туризм саласын дамытуды ілгерілетуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Хабар 24 телеарнасы