375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көпір салған жұмысшылар жалақысын осы уақытқа дейін алмаған

  • 132
  • UPD: 15:55, 24.01.2020

Еліміздің бірнеше қаласында көпір салып жатқан компанияның жұмысшылары жалақыларын ала алмай жүргенін бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Одан бері бірнеше ай уақыт өтсе де мәселе шешімін тапқан жоқ. Адал еңбегінің ақысын талап еткендер бүгін тағы да берешек мекеменің ғимаратының алдына жиналды.

Бақытжан Жүнісбеков отбасын асырау үшін Тараздан Қарағандыға барып, көпір құрылысында еңбек етіпті. Ауа райының ыстық-суығына қарамай жұмыс істедік дейді ол. Енді міне жалақысын ала алмай, компанияның табалдырығын тоздырғанына 1 жыл болған.   

Бақытжан Жүнісбеков, жұмысшы:

- Мен Тараздан келдім. Айлығымызды бір жылдай болып қалды бермегелі. Январь, февраль, март айлығы берілген жоқ. Март айында төлей бастаймыз деді де, жұмысқа қайтадан бардық, қайта шақыртып алды. Қарағандыда жұмыс істедік, мост салдық. 000408 Маған 500 мыңдай қарыз. Қазір. Жол шығынының бәрін өз қалтамыздан шығарып келіп жатырмыз. Зарплатамызды ала алмай жүрміз. 

Компания жұмысшылар алдындағы берешегін бөліп төлеуде. Жалақысын ала алмай жүрген 407 жұмысшыға ай аралатып 50-100 мыңнан беріп жатырмыз дейді компания басшысы. Алматы облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, компанияның жұмысшылар алдындағы берешегі 142 миллионнан 116 миллион теңгеге азайған. Алайда, компания басшысы бүгінгі күні 10 миллионнан аса берешегіміз қалды деп отыр.

Тимур Накусов, мердігер компания басшысы:

- Соңғы рет 31 желтоқсанда барлық жұмысшыға бірдей көлемде жалақы бердік. Қазіргі уақытта артық техникаларымызды сатылымға қойдық. Содан түскен ақшамен қарызымызды өтейміз деп отырмыз. Қалған берешек 10 миллион теңге көлемінде. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығанда барлық жалақы қарызын төлеп бітіреміз. 

Аталған мәселе бойынша бұған дейін әкімшілік іс қозғалған. Алайда нәтиже болмаған соң, талап арыз Алматы облыстық экономикалық сотына жолданған. Сот 16 қаңтарда мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымын мәжбүрлеп орындату жөнінде шешім шығарған. Енді, бұл іспен жеке сот орындаушылары айналысады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы