430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойызда жүкті келіншекті босандырып алған жолсерік марапатталды

  • 796
  • UPD: 15:26, 24.01.2020
Пойызда жүкті келіншекті босандырып алған жолсерік марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында «Халықтың сүйіктісі» тоғызыншы ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайдыЕлорда Инфо Қазақстан теміржолы АҚ-на сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызының басшысы Меруерт Қорабаева «Жылы жүрек» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Ол өткен жылдың күзінде жолаушы әйелді аман-есен босандырып алған.

«23 қыркүйекте біздің пойызда келіншек сәбиін дүниеге әкелді. Мен үшін бұл жылдың ең жарқын оқиғасы болды. Менің медициналық білімім жоқ. Бұл менің тікелей міндетім еді, мұнда біз емдейміз, үйретеміз, сеземіз, шұғыл жағдайларда құтқарамыз және тіпті өмірге келуге көмектесеміз», – деп атап өтті Меруерт Қорабаева.

Хабар 24 телеарнасы