377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарды қасқырлар торуылдап жүр

  • 217
  • UPD: 15:39, 24.01.2020
Павлодарды қасқырлар торуылдап жүр

Абайлаңыз қасқыр! Павлодарда кешеден бері әлеуметтік желі арқылы осындай хабарлама тарап кеткен.

Елді мекендерді төңіректеп жүрген түз тағыларын көргендер жұртшылықты сақтыққа шақырып жатыр. Теміржолшылар жыртқышты қаланың іргесінде тұрған Ленин кентіндегі ет өңдеу кәсіпорны мен элеватордың маңынан кездестіріпті. «Жолқұдық ауылының маңында да көзге түсіпті» деген алыпқашпа сөз көп. Бірақ қалалық ветеринария бөлімінің мамандары оны жоққа шығарды. Тұрғындар арасында үрей тудырған қауесетке орай Ленин кентінің әкімі облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясына хат жолдаған. Десек те, боранды күндері  із кесу мүмкін болмай тұр. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын тапа-тал түсте Ақсу кентінде  жүрген қасқырды аңшылар атып тастаған еді. Ал Шарбақты ауданына қарасты Сынтас ауылында  ит құс бір қора қойды қырып кеткені жайындағы ақпарат тексеріліп жатыр. Павлодар облысы бойынша қасқыр Баянауыл, Май, Аққулы, Шарбақты және  Екібастұз аудандарын мекендейді. Олардың жалпы саны  200-ден асады. Аймақтық инспекция апта сайын мониториг жүргізіп отырады. 2018-2019 жылдары жыртқыштардың үй жануарларына шабу оқиғасы  тіркелмепті.

Нұрлан Сейілханов, қалалық ветеринария басқармасы бөлімінің жетекшісі:

 -Таңғы 4-тен барып қарадық сол айналасын. Шеткі аймақтарды қарадық. Қасқыр жоқ. Сондықтан енді қазіргі уақытта біз оны бақылаудан алмаймыз. Сонымен бірге ауыл әкімінің атынан мына орман және жануарлар әлемінің басқармасына хат жазылды, сол аймақты бақылау үшін. Сол аймақтық басқармасы сол жердегі аңшыларға хабарласып, рұқсат беріп, сондай бақылауда, сондай жағдайда тұр.

Владимир Перескоков, мемлекеттік инспектор:

- Қазір олардың үйірден бөлінетін кезі. Ересек қасқырлар  үш-төрт жасар бөрілері мен құртқаларын қуып жібереді. Олар жаңадан үйір құру үшін бірнеше ай бойы саяқ жүреді. Жас қасқырларға жеке-дара өмір сүру оңайға түспейді. Бұл осындай адасқан аңның болуы да ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы