376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңында қасқырлар жүргені туралы ақпарат жалған – Нариман Жүнісов

  • 329
  • UPD: 16:54, 24.01.2020
Елорда маңында қасқырлар жүргені туралы ақпарат жалған – Нариман Жүнісов

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарда қасқырлар жүргені туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Дегенмен ондай жағдайлар тіркелген жоқ», - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов.

Қасқырларды көрген жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып өтті.

«Қашпау керек, айғайламаған жөн. Барынша тыныштық сақтап, алыстап кетуге тырысу керек. Қасқыр көрген жағдайда құқыққорғау органдарына немесе 74 99 35 нөміріне хабарласу қажет», - деді.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы