435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасқырлардың жүргені туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде

  • 277
  • UPD: 16:54, 24.01.2020
Қасқырлардың жүргені туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде

Нұр-Сұлтан маңындағы Көктал ауданында қасқырлар жүргені туралы ақпарат – жалған.

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы Владимир Колягин осылай деді.

«Қазір елорданың полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамдарды іздеу үстінде. Жалған ақпарат таратқаны үшін 2-5 күн аралығында бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жаза қарастырылғанын еске саламын», - деді ол.

Сонымен қатар тұрғындарды мұндай қауесеттерге сеніп, дүрлікпеуге шақырды.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы