418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасқырлар туралы жалған ақпарат таратқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 587
  • UPD: 19:52, 24.01.2020
Қасқырлар туралы жалған ақпарат таратқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Елорданың маңайында бөрі өріп жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әлеуметтік желілер арқылы таралған фото, видеоның бәрі жалған. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша, кешелі бері сала мамандары маңайды түгел барлап шықты. Қасқырдың қала немесе іргелес ауылдарға кіргені туралы бірде бір дерек тіркелмеген. Қазір қалалық полиция департаментінің өкілдері бейнежазбаның қайдан шыққанын зерттеп жатыр. Халықты дүрліктіретін жалған ақпарат таратқандар анықталса, қылмыстық жауапқа тартылып, бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, Ақмола облысында жалпы саны 40 шақты ғана қасқыр бар. Саны аз болғандықтан, аңшылық жасап аулауға тыйым салынады. Тек адамға не малға шабуыл жасаса ғана атуға болады.

Сәкен Ділдахмет, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

– Тараған әрбір фото, бейнематериалдарды тексеріп шықтық. Кейбір материалдар Ресей еліне тиесілі. Кейбір фотолар министрліктің алдында бұл жалған фото болып шықты. Мүмкін арнайы редакторлық бағдарламамен қасқырдың суреті қойылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы