426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда оқушы қызды зорлаған қылмыскерге химиялық кастрация жасалады

  • 555
  • UPD: 21:40, 24.01.2020

Жеткіншекті қорлаған педофилдің қылмысы әшкереленіп, толықтай дәлелденді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қылмыскер ұзақ жылға сотталып, оған химиялық кастрация жасалады.

12 жастағы үрімдей қызды қорлаған азғынға 25 жыл. Мамандандырылған ауданаралық соты педофилге осындай жаза кесті. Сот қаскөйді қылмыстық кодекстің 120 және 121 баптарының 4-бөлігі «кәмелеттік жасқа толмаған адамға қатысты зорлау» баптары бойынша кінәлі деп тапты.

Естеріңізде болса, 38 жастағы азғын мектеп ауласын торуылдап жүріп, оқушыны дәретханада ұстап алған. Мектептің ауласына келіп, сол жердегі ойын алаңшасында отырып, 1 сағат көлемінде аңдыпты. Кейін қыздың дәретханаға кіргенін байқап, бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, есікті ішінен іліп алған. Оқушыны бірнеше рет жұдырықпен ұрып, қызды қорқытып, жыныстық қатынасқа түскен. Ал құрбыларының ұзақ уақыт бойы оралмағанын байқап, дәретханаға іздеп келген сыныптастарына ішім ауырып тұр деп айтуға мәжбүрлепті. Дегенін орындамаса, мойнын бұрап өлтірем деп қорқытқан. Тергеп, тексеру, кезінде қаскөй сотқа мас күйінде қылмысты жасағандығын айтып ақталған.

Айта кету керек, педофил бұған дейін де кәмелетттік жасқа толмағандарды зорлауға қатысқаны үшін істі болған екен. Бірақ кейін мерзімінен бұрын босталыпты.

Кенжеғали Кенжебеков, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Сот отырысында куәлардың бәрі сұралды. Және де іс бойынша бірнеше сот сараптамалары жүргізілді. Атап айтқанда, сот медициналық, моникулярлық генетикалық, психиатриялық сараптамалар тағайындалған. Қорытынды бойынша Валиевтің осы жасаған іс әрекеттері толық дәлелін тапты.

Сараптама оның педофилияға бейім екендігін анықтап отыр. Сондықтан ол мәжбүрлі түрде емделіп, оған химиялық кастрация да жасалады. Бұл рәсім түрмеде жасалмақ. Азғын алғашқы 5 жылын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі толық мекемесінде қатаң режимде өтейді. Ал жазаның қалған бөлігін қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы