426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер эвакуацияланбайды

  • 763
  • UPD: 19:50, 24.01.2020
Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер эвакуацияланбайды РБК

Ухань қаласында қалған 98 қазақстандық студент эвакуацияланбайды.

Бұл туралы бүгін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Белгілі болғандай, қала карантинге жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан ешкімді кіргізбейді және қаладан сыртқа жібермейді. Елімізде аталған вирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

– Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. Бүгінгі таңда қалада 98 студент қалып отыр. Қалғандары демалыс басталғаннан бастап Қазақстанға және басқа елдерге аттанды. Ухань қаласындағы студенттермен біздің дипломаттар байланыс орнатты. Танымал мессенджерлер арқылы біздің студенттеріміз қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайлардағы сақтық шаралары мен тәртіп ережелері туралы хабардар етілді. Біздің студенттер бар жоғары оқу орындарының басшылығымен жұмыс байланыстары бар.

Хабар 24 телеарнасы