424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев: Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша қосымша есептеулер жүргізу қажет

  • 365
  • UPD: 23:03, 24.01.2020

Елордада зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен салаға қарасты органдар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Олар Президент тапсырмасын ескере отырып, зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту, әкімшілік шығындарды қысқарту, ең төменгі жалақы көлемін арттыру мәселелерін қарады. Бердібек Сапарбаев зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы Президент бастамасын іске асыру үшін қосымша есептеулер жүргізу қажеттігін атап өтті және жауаптыларға биылғы қаңтар айының соңына дейін Жол картасының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы