379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өткен тәулікте Қостанай облысында 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

  • 144
  • UPD: 07:40, 25.01.2020
Өткен тәулікте Қостанай облысында 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

Өткен тәулікте Қостанай облысының тас жолдарында он төрт адам дүлей бораннан құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнтүгір және Жекекөл ауылдарына арнайы құтқару техникасының көмегі қажет болған. Ақтүтектің әлегінен қос елді мекеннің аудан орталығымен байланысы үзіліп, тіршілігі тұралап қалды. Құтқарушылардың арқасында аудандық ауруханаға соқыр ішегі асқынған әйел мен дене қызуы көтерілген екі айлық сәби шұғыл жеткізілді. «Қазір нәрестенің денсаулығын қалыпты», деп отыр дәрігерлер. Ал бірқатар елді мекен тұрғындары өз бетінше жолдарды тазартуға ден қойыпты. Ауыр техникадан үміт үзгендер қолдарына күрек алып, қалың қармен күресті. Мына бейнекадрлардан Белозёр мен Балықты ауылдары жұртшылығының жол ашуға қам-қарекет жасағандарын көруге болады. Жалпы үш тәулік бойы облыста қатты жел соғып, атлантикалық циклон орнаған. Алдағы екі күнде бұрқасын болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты барлық шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшкен.

Азамат Орынбаев, ТЖД бастығының орынбасары:

- Облыс бойынша ауа райы кішкене саябырлады. Бірақ Амангелді, Жанкелдин, Наурызым жақтарда, Қарасу аудандарында желдің күшею, боран таңертеңнен бастап саябырлап келе жатыр. Сондықтан ол жерлерде жолды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ қатты жел болғандықтан, тазаланған жерлер қайтадан жабылып жатыр. Бірақ оның барлығы бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы