425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда жолаушылар тепловизор құрылғысымен жаппай тексеріле бастады

  • 914
  • UPD: 09:06, 25.01.2020
Атырауда жолаушылар тепловизор құрылғысымен жаппай тексеріле бастады

Қытайда басталып, әлемнің бірнеше еліне тараған коронавирус ауруынан қорғануға байланысты Атырауда жолаушылар тепловизор құрылғысымен жаппай тексеріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы қондырғының көмегімен ұшақ бортынан түскен жолаушының дене қызуын анықтауға болады. Халықаралық Атырау әуежайына ішкі рейстерден өзге, шетелден аптасына 8 жолаушылар әуе кемесі келеді. Жыл басынан бері бұл жерден 42 мыңнан астам жолаушы өтіпті. Әлемді алаңдатқан жұқпалы дертке байланысты енді барлық ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелері осы құрылғы арқылы тексеріледі.

Айнагүл Орынбасова, әуежай санитарлық қадағалау бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі таңда Атырау әуежайында эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Бірақ та әлемде жұқпалы ауру тіркелуіне байланысты біздің санитарлық-карантиндік бақылау қызметі күшейтілді. Халықаралық рейстерді үнемі күтіп отырамыз. Бізде Қытайдан тікелей рейс жоқ. Бірақта транзиттік жолаушылар болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы