447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде тас жолдар жабылды

  • 180
  • UPD: 10:47, 25.01.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде тас жолдар жабылды tengrinews.kz

Еліміздің бірнеше өңірінде тас жолдар жабылды.

«Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытындағы тасжолдар көліктің барлық түрі үшін жабық.

Ақмола облысында екі бағыттағы автожолдар – «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Нұр-Сұлтаннан Павлодар облысының шекарасына дейін, 16- 205 км ), «Екатеринбург-Алматы» (Атбасар қаласынан Нұр-Сұлтанға дейін 1007- 1247 км ) жабық.

Алматы облысында «Үшарал-Достық» (Көктұма ауылынан –Қасенов ауылына дейін) автожол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен»(Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылынан Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді. Барлық көлік түрлері үшін «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» (Тескескен ауылынан Бахты ауылына дейін), «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» (Предгорное ауылынан Ресей шекарасына дейін), «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» (Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Сонымен қатар «Алматы-Өскемен», «Омск-Майқапшағай» (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін, 756-906 км) жол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан – Ақмола облысының шекарасына дейін) және «Қызылорда-Павлодар» (Ленин ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында «Алматы-Екатеринбург» бағыты бойынша қозғалыс шектелді.

«Жолдың нашар көрінуіне байланысты алысқа жолға шығудан бас тартқан жөн.

Егер адамдар жолда қандай да бір жағдайға тап болса, құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне хабарласа алады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы