432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандық жас білімгерлер волонтерлар қатарына қабылданды

  • 599
  • UPD: 13:42, 25.01.2020
Талдықорғандық жас білімгерлер волонтерлар қатарына қабылданды

Талдықорғанда өткен «Еріктілік жан қалауы» атты форумда белсенді жастардың атқарған қайырымдылық шаралары кеңінен таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күнге дейін олар 10 бағыт бойынша жұмыс істеп келген. Нақтырақ айтсақ, жетімдер үйіндегі балаларға ағылшын, қазақ, орыс тілдерінен тегін сабақ берді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс етіп, табиғатты қорғау бастамаларына да белсене қатысқан еді. Сонымен қатар татулық пен бірлікті насихаттады. Полицейлермен бірлесе, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты. Басқосуда ізгілікті іске атсалысам деушілер еріктілер ұйымының мүшелігіне өтті.

Батырхан Мамықбаев, волонтёр:

- Бір жағынан өз білімімізді шыңдасақ, екінші жағынан біз білгенімізді үйретпекші болып осы мақсатта сол жерде сабақ береміз.

Болат Сериев, оқу орнының проректоры:

- Бүгінгі күні 12 волонтерлік топ құрылды. 200-ден астам бала жұмыс істеп жатыр. Оның 80-і өз жұмысы үшін Білім және ғылым министрлігінен ақысын алды.

Хабар 24 телеарнасы