418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқушылар өздері оқыған кітап желісі бойынша торт пісіруден сынға түсті

  • 551
  • UPD: 13:53, 25.01.2020
Оқушылар өздері оқыған кітап желісі бойынша торт пісіруден сынға түсті

Петропавлда «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары өздері оқыған кітап желісі бойынша торт пісіруден сынға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекті рет ұйымдастырылыған «Тәтті кітап» фестиваліне барлығы 80-нен астам адам қатысты. Бұл – оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері. 14 топқа бөлініп жарысқандар тәттілерін Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Қабдеш Жұмаділовтың «Сәйгүліктер», Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» сынды кітаптарының мұқабасына сәйкестендіріп безендірді. Ең ауыр торт 15 келіні құрады.

Айта кету қажет, бұл жолғы шара Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.

Әйгерім Жантаева, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:

- Өткен жылы да Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен, биыл «Ескендір» поэмасымен таныс болдық. Сол себептен «Абай жолы» эпопеясын алуды жөн көрдік. Енді көріп тұрғандарыңыздай, «Абай жолы» роман-эпопеясының бұл жерде бірнеше нұсқалары тұр. Және де біз тортымыздың мұқабасы ретінде, яғни Абайдың Шыңғыстау бөктерінде туғанын барлығымыз білеміз ғой. Сондықтан да таудың бейнесін алуды жөн көрдік.

Хабар 24 телеарнасы