423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Семейдегі балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өтті

  • 715
  • UPD: 15:26, 25.01.2020
Семейдегі балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өтті

Семейдегі балалар ауруханасының қабылдау және операциялық бөлімдері күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа демеушілер қаражаты тартылған. Германия, Ұлыбритания, Словакия сияқты мемлекеттерде жасалған заманауи медициналық аппараттар бұрын болмаған мүмкіндіктерге жол ашады. Енді науқастар жататын бөлмелерде ылғал, қысым мен температура үнемі бақылауда болып, операциядан кейінгі асқынулар деңгейі төмендейді. Сонымен қатар өкпені жасанды желдету аппараты, диагностикалық ультрадыбыстық жүйе, бронхофиброскоп сияқты жабдықтар сатып алынған. Жалпы емдеу мекемесіне жыл сайын 20 мыңға жуық бала қаралып, 5 мыңға жуығы жатып емделеді екен. Болашақта дәрігерлер біліктілігін арттыру да көзделіп отыр.

Раушан Құсайынқызы, медициналық мекеме директорының орынбасары:

- Операциялық бөлімде таза ауа деген жүйе қосылды. Осы система арқылы біз операия асқынуларын төмендетеміз деп ойлаймын. Ол стерильді қызмет көрсетуге арналған жоба. Соған байланысты жұмыстар үлкен деңгейде болады деп ойлаймын. Біз ары қарай осы жоба бойынша алған құралдар бойынша біздің дәрігерлерді үйретеміз, ары қарай осы дәрігерлерге мастер-класс жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы