448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне жақсы мүмкіндік беріліп отыр – сарапшы

  • 241
  • UPD: 15:25, 25.01.2020
Шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне жақсы мүмкіндік беріліп отыр – сарапшы

«Шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне жақсы мүмкіндік беріліп отыр», - дейді алматылық сарапшылар.

Ондай көліктердің мәсеселесін шешу үшін бір жыл жеткілікті. «Егер жүргізушілер мемлекеттік баж салығы мен өзге де төлемдерді төлегісі келмесе, темір тұлпарды алған мемлекетіне апарып немесе бөлшектеп сатуға болады», - дейді мамандар.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы:

- Менің пікірімше, Президент орынды шешім қабылдады. Өйткені шетелдік нөмірмен жүргендерге берілген қосымша уақыт әлеуметтік шиеленістің алдын алуға мүмкіндік береді. Бір жылдың ішінде рәсімдеуге қажетті соманы жинауға немесе көлікті сыртқа шығарып сатып жіберуге болады.

Хабар 24 телеарнасы