375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметкерлер темір тордың арғы жағы қандай болатынын көріп қайтты

  • 237
  • UPD: 19:27, 25.01.2020

Пара алсаң – барар жерің темір тордың арғы жағы. Бұған қызылордалық мемлекеттік қызметшілер көз жеткізіп қайтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары «жүз рет ескерткенше, бір рет көрсетейік» деген ниетте шенеуніктерді шетінен түзету мекемесіне апарып жатыр. Бұл жолы табиғат қорғау және орман шаруашылығы саласының басшылары абақтының сұсты камераларын аралап, аурасын сезінді. Өткен жылы осы басқармаға қарасты бөлім маманының пара алғаны әшкере болған. Жалпы былтыр облыс бойынша 115 жемқорлық дерегі тіркелді.

Нұғман Жақұдаев, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаментінің бас маманы:

- Барлық мекемелерге брошюралар таратылды сыбайлас жемқорлық жасаса қандай жауапкершілік белгіленгені туралы. Мысалға пара алғанды айтатын болсақ, санкциясында 15 жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Пара бергенді көбісі білмейді. Пара беру де сондай аса ауыр қылмыс түріне жатады. Яғни бас бостандығынан айыру көзделген. 

Бауыржан Шәменов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Ешкімнің басына салмасын. Бірақ ойландыратындай жағдайлар бар. Өз әсерін білдіріп, айтып жатыр. Енді барынша мұндайға бармауға, болдырмауға жұмыс жасайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы