376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


KINOPARK кинотеатрлар желісі жаңа жоба ұсынды

  • 117
  • UPD: 22:36, 25.01.2020

Киносүйер қауым енді өзінің сүйікті киносын көре отырып, сол ыңғайлы залдарда  итальян тағамына тапсырыс бере алады. 

«Forum» сауда үйінің 5 қабатында Kinopark  кинотеатрлар желісінің 10 залы жұмыс жасап тұр. Ал енді оның үшінші қабатынан «La Coppola» деп аталатын лаунж-кинозалдары ашылды. Итальяндық, оның ішінде сицилиялық дәстүрге сай ашылған мейрамхана қонақтары алысқа бармастан бірден кинозалдарға өте алады. Яғни мұнда тағы 5 кинозал өз жұмысын бастады.

Бибіжамал Бекенова,  KINOPARK кинотеарлар желісінің маркетологы:

- Мысалы, 30-40 орындай бар әрбір залда. Сондай-ақ бұл залдарды Сіздер  өздеріңіздің жеке көргіңіз келіп жүрген  киноңызды көре аласыздар.  сондай-ақ, өзіңіз  көре алмай жүрген немесе үлкен экранда көргіңіз келіп жүрген спорттық  мысалы, футбольный матчтарды да көре аласыздар. 

Сондай-ақ бұл залдарда барлық жағдай жасалған. Заманауи пректорлар мен аудиожүйелер, жоғары сапалы бейнекөрініс пен орындықтар көрерменнің көңілінен шығады-дейді, ашылу салтанатына қатысқан қонақтар. Ең бастысы, киносүйер қауым енді кино көріп отырып, итальян тағамына тапсырыс бере алады. Отандық киноны дәріптеп жүрген «KINOPARK» кинотеатрлар желісі белгілі актриса, продюсер Әсел Садуақасованы  ««La Coppola» лаунж-кинотеатрының келбеті етіп таңдаған екен.

Әсел Садуақасова,  актриса, продюсер:

- Бұл мен үшін тосынсый болды. Әрине, қуаныштымын. KINOPARK ұжымының ең алдымен  сапаға мән беретінін жақсы білемін. Олар, әрбір көрерменнің көңілінен шығуға барын салады. 

Отандық нарықта 20 кинотеатры бар Кинопарк кинотетарлар желісінің өкілдері бүгінде  мобильдік қосымша мен билеттерді онлайн  сату қызметіне аса мән беріп отырғандарын айтты.

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы