427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз біргеміз» челленджіне қазақстандық әскерилер қосылды

  • 674
  • UPD: 22:35, 25.01.2020

«Біз біргеміз» челленджіне қазақстандық әскерилер де үн қосты. Сарбаздар бас қаладағы мүгедектер мен жалғыз басты ардагерлердің үйіне барып, олардың ауласын қардан тазалап берді.

Соңғы күндері елордалықтардың бораннан көз ашпай отырғанын білесіз, кей үйлердің айналасын омбы қар басып қалған. Оларды күреу оңайға соқпады. Елордалық әскерилер қарттар үйін де арнайы соғып, ғимараттың маңайындағы жолды аршыды. Игі шарадан Ішкі істер министрлігі де шет қалған жоқ. Полицейлер мен құтқарушылар бастаған біраз шенді елордадағы перинаталдық орталық пен қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының ауласын тазартты. Ал Ұлттық ұланның 100-ге жуық сарбазы Көктал елді мекеніне барып, мектептер мен балабақшаларға апарар жолдарды қардан тазалады.

Хабар 24 телеарнасы