376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Президенттік резервке өткен жастар мемлекеттік қызметте жұмысын бастады

  • 164
  • UPD: 08:46, 26.01.2020

 

Солардың бірі - 28 жастағы Аянай Раева.

Ол қаладағы мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін ол аталған департаментте қызметін маман болып бастаған.

Аянай Мұхитқызының жалпы жұмыс тәжірибесі 7 жылға жуықтапты. Ал мемлекеттік қызмет істері департаментіне келгелі 5 жылдан асқан. Бастапқыда ол «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен осы мекемеге хатшы болып жұмысқа орналасады. Өзін жақсы қырынан көрсеткен Аянай кейіннен қызметтік сатының әр баспалдағынан өтеді. Президент жастар кадр резервінің сынына қатысып одан да үздік шыққан.

Аянай Раева, қалалық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

– Кез келген азамат мемлекеттік қызметке келген кезде жауапкершілікті сезіну керек. Жауапкершілікті өз мойнына ала білуі керек. Сол кезде ғана мемлекеттік қызметшінің басқаларына берері мол болады деген ойдамын. Президенттік кадр резервінен кейін бізге департамент басшысының орынбасары лауазымын беріп отыр. Мұндай лауазымды маған ұсынады деп ойлаған жоқпын. Қай жаққа жолдаса, сол жақта жұмыс жасауға дайынмын.

Аянай Раева сыннан сүрінбей өту оңай болмады дейді. Оның «Жүректен-жүрекке» атты жобасы Президент жастар кадр резервіне өтуіне көп көмегін тигізген. Ал ұжымға сыйлы азаматшаны жұмысында бәрі де құрмет тұтады.

Әли Көмекбаев, қалалық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

– Раева Аянай бізде 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Абыройы бар. Жауапкершілігі бар.

Аянай негізі жұмысынан қолы қалт еткенде Президент Әкімшілігінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалынында дәріс береді. Оның сабағын тыңдаушылардың дені мемлекеттік қызметке енді ғана келіп жатқан жас мамандар. Білікті ұстаздан үйренереміз көп дейді тағлымдамадан өтушілер.

Керімжан Әбдеш, мемлекеттік қызметкер:

– Біріншіден, сабақ беріп жатқан мұғалімдердің мамандардың біліктілігіне күмән келтіре алмаймыз. Тәжірибесі мол. Көп нәрсені біледі. Жай ғана сабақ жағынан емес өмірлік ұстаным жағынан да сабақ беріп жатыр десек болады.

Біздің кейіпкер қазір мелмекеттік қызметтегі әдеп жөніндегі кеңеске жауапты. Ойында іске асырсам деген жобалары да жеткілікті. Оған алдағы уақыт төреші дейді ол.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы