376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық БАҚ өкілдері 40-тан астам құжатты онлайн режимде алуды үйренді

  • 127
Маңғыстаулық БАҚ өкілдері 40-тан астам құжатты онлайн режимде алуды үйренді

Маңғыстаулық журналистер мен баспасөз хатшылары түрлі анықтамалар мен жүргізуші куәлігі сияқты 40-тан астам құжатты онлайн режимде алуды үйренді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен «Қалтадағы электронды мемлекеттік қызметтер» шарасына аймақтағы барлық Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қажетті анықтаманы үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, әп-сәтте алу үшін смартфоныңыз болса жеткілікті. Қажетті қосымшаларды жүктеу арқылы барлық мемлекеттік қызметке жүгінуге болады. Цифрлық сауаттылығын арттырған тілшілер жұмысбасты азаматтар үшін бұл өте тиімді екеніне көз жеткізді. Былтыр Маңғыстау облысында халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2 млн қызмет көрсетілсе, соның 1 млн-нан астамы электронды үкімет арқылы атқарылған.

Нұрбол Оқуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Шыны керек, бұған дейін бірнеше рет келеміз, өзіміздің уақытымызды аламыз, кезекке тұрамыз. Шын мәнісінде барлығының өз қолымызда екеніне көз жеткіздік. Ең оңайы, көп жылдан бері көлік жүргіземін, барынша халыққа жағдай жасалған, адам тіпті жүргізуші куәлігін ауыстыра алады. Одан артық не керек?! Күнделікті алатын анықтамамыз бар, 40-тың үстінде қызмет көрсетіледі екен.

Айбек Мұзбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК АҚ филиалы директорының орынбасары:

– Ақтау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының 1-қабатында цифрлық ХҚКО ашылған болатын. Сол жерде кезкелген азамат мемлекеттік қызмет алуға келген кезде өзінің цифрлық сауатын ашуға кабинет бөлінген. Сол кабинеттің ішінде мамандар бекітілген. Сонда сауатын ашып, өзіне керек деген қызмет түрлерін үйреніп, тегін сертификат алуға толық мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы