376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі 45 учаскеде жолдар жабылды

  • 206
Елдегі 45 учаскеде жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдегі 45 учаскеде жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы республикалық маңызға ие жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Тіпті бірқатар өңірден Ресей Федерациясына көлікпен шығуға тыйым салынды. «Қазавтожол» компаниясының мәліметінше, республика бойынша 800 бірлік техника жолдарды ашуға әрекет етіп жатыр. Ал оқыс жағдайға тап болсаңыз, 14-03 нөміріне хабарласыңыз. Кол орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы