376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерлеу рәсімін көрсету қызметін лицензиялау қажет – мамандар

  • 186
Жерлеу рәсімін көрсету қызметін лицензиялау қажет – мамандар

Жерлеу рәсімін көрсету қызметі еліміздегі ең көлеңкелі, жасырын бизнеске айналып барады.

Мәселен, Алматы облысында салттық бизнесті табыс көзіне айналдырған 34 орта және шағын кәсіпкерлік нысаны мен 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер және медицина саласының қызметкерлері оларға азаматтардың қайтыс болғандығы жөніндегі мәліметтерді сатып, сыйақы алатыны да жасырын емес. Өйткені көп жағдайда ондай ақпаратты қайтыс болған кісінің туған-туыстарынан бұрын жерлеу рәсімін көрсету қызметіндегілер естіп, прайс-парақшаларын ұсынып жатады. «Сондықтан ақ халаттылар мен жергілікті полиция өкілдерін ішкі қауіпсіздік қызметі арқылы тексеріп, қатаң жазалау қажет. Осылайша бұл бизнесті шұғыл түрде бір жүйеге келтіруге күш салуымыз керек», – дейді мамандар.  

Жандос Жұмабаев, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл бағытты лицензияландыру керек деген ойдамыз. Өйткені аудандарымызда берілген мәліметтерге сәйкес көрінген адам тиісті жеке кәсіпкерлігін, жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеп, қалай болса солай бұл қызмет атқарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы