429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық кодексіне енгізілген өзгерістер: нені білу керек

  • 819
  • UPD: 14:57, 26.01.2020
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер: нені білу керек

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жаңа жылдан бастап патентті қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі заңды түрде шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінен сауда алынып тасталды. Қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне мүлікті жалға беру, білім беру, аударма жасау, фотостудия, шаштараз, такси секілді жиын саны 32 қызмет түрі кіреді. Сосын бірыңғай жер салығы бойынша салық салу объектісі өзгертілді. Бұдан бөлек, кейбір шағын кәсіп иелері үш жыл мерзімге табыс салығы мен бірыңғай жер салығын төлеуден босатылады.

Әуелхан Әлішеров, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мониторинг басқармасының бас маманы:

- Биылғы жылдан бастап үш жылға микробизнес және шағын бизнес толық босатылды. Микробизнес дегеніміз, 15 адамға дейін жұмысшы жалдай алатын адамдар. 79 миллионнан оның жылдық айналымы аспау керек. Екіншісі, шағын бизнес 100 адамға дейін өзіне адам жалдай алатын мекеме болады. Олардың жылдық айналымы 795 миллионнан аспау керек. Бұл үлкен дүние. Бүкіл бизнестің өсуіне, айналуына әсер етеді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы