375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Қазақстанға келушілерге 72 сағаттық визасыз режим алынып тасталады

  • 220
  • UPD: 17:51, 26.01.2020

 Короновирустың таралу қаупі сейілгенше Қытайдан Қазақстанға келетін транзиттік жолаушыларға 72 сағаттық визасыз келу режимі алынып тасталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Ал, Қытайдағы отандастарымызға консулдық және өзге де көмек көрсету жұмыстары барынша күшейтіледі. Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент тапсырмасына сай жедел кеңес өткізіп, Қазақстан аумағында коронавирусты таратпау және оның алдын алу бойынша осындай бірқатар тапсырма берді. Жиын қорытындысы бойынша арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды. Оған вице-премьер Бердібек Сапарбаев төрағалық етеді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Қазіргі таңда ҚХР Ухань және т.б. қалаларында адам өміріне қауіпті пневмония қоздыратын коронавирус таралып жатыр. Президент Қ.Тоқаев осы вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шұғыл шараларды ұйымдастыру туралы нақты тапсырма берді. Бұл сұрақ Үкіметтің ерекше бақылауында. Осы ретте тиісті шаралар ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы