375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға көктемде 100 электробус әкелінеді

  • 173
  • UPD: 19:20, 26.01.2020

Қытай өнімін отандық автоөндіруші құрастырып шығарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жылдың басында бас шаһарға жаңағы 100 көліктің алғашқылары жеткізілді. Қазір қала тұрғындары мен қонақтары олардың игілігін көріп жүр.

№25 бағыттағы автобус. Көлік нөпірі көп көшеден оның екі түрін көруге болады. Электрмен қозғалатыны алыстан менмұндалайды. 12 метрлік автобустың кескіні ғана емес, сипаты да бөлек. 20 жылдан аса жүргізуші болған Қыдырбай Жанәділов қазір жанармай құюға уақыт арнамайды. «Қуатталған автобус алаңсыз жүйткиді», дейді ол. Бірақ заманауи техника мінсіз емес.

Қыдырбай Жанәділов, жүргізуші:

- Қыста қазандық деген жетпейді. Жылыту кешке дейін жетпейді. Сонысы бар. Қытайлардың өзі жүр. Соны істейміз деп. Басқа ештеңесі жоқ. Жылы іші.

Қазір елордада 15 электробус бар. Көктемде олардың саны 100-ге жетеді. Жалпы құны 18 млрд теңгеге жақындаған. Қытайлық автобусты отандық автоөндіруші құрастырып шығарған.

Науат Азанбаева, Астана LRT басқармасы қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі:

Электробусты тәулігіне бір рет қуаттау керек. Ол 350 шақырымға дейін жетеді. Электробустардың құны 136 млн теңге болып табылады. Ол ақша қайтарылады.

Төмен еденді автобустар 7 жылға лизингке алынды. Ал қуаттағыштар 10 жылға дейін қызмет етеді. Автобуспен бір бағытта 70 жолаушы тасымалданады. Жолақысы қаладағы тарифпен тең. Ең бастысы, қоғамдық көлікте телефон қуаттауға болады. Алдағы уақытта тегін WiFi орнатылуы да бек мүмкін.

Зәуре Әбдрахманова, жолаушы:

Мен Байқоңыр қаласынан келдім. Елордаға жиі келіп тұрамын. Осындай автобустар көбейе берсін деймін. Бізде мұндай автобустар жоқ. Бізде осындай жағдаймен осындай автобустардың шығып жатқанына өте қуаныштымын.

Мерей мұратханқызы, тілші:

- Көктемде елорда аумағында 91 бағытта 1000-нан аса автобус жүретін болады. Олардың 100-ден астамы электроавтобустар. Экологиялық әрі экономикалық тұрғыда сапалы екенін мамандар жеткізді. Бастысы, жолаушылар риза.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Сұлтан Қалдыбеков

Хабар 24 телеарнасы