Елордалық 1000-ға тарта полицей қаладағы бірқатар әлеуметтік нысанның аумағын қардан тазалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шенділер осылайша, «Біз біргеміз» челенджіне қолдау білдірді. Қызметтік борышын өтеп жүріп қаза болған әріптестері мен сала ардагерлері де ұмыт қалған жоқ. Тәртіп сақшылары олардың үйлеріне арнайы барып, аулаларын қардан тазалады. Полицейлер қала тұрғындарын көліктерін қозғалыс аумағына қалдырмауға және қар тазалау техникасына кедергі келтірмеуге шақырып отыр.