443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда заманауи медициналық орталық салынып жатыр

  • 232
Түркістанда заманауи медициналық орталық салынып жатыр

Түркістанда көп салалы медициналық орталық салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

630 орындық аурухана мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі аясында бой көтереді. Жобаға шамамен 100 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бұл түрік инвесторының қаржысы. Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын көп салалы ауруханада диагностикалық кеңес көрсетуден бастап нейрохирургия, урология, жарақат және қатерлі ісік ауруларын емдейтін бөлімдер жұмыс істейді. Ғимарат озық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Желтоқсан айында еліміздің Премьер –министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жасаған сапары барысында осы нысанның іргетасын қалаған болатын.

Бекболат Орынбеков, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының бөлім басшысы:

- Барлығы жаңадан заманауи құрылғылар, оны біздің дәрігерлердің бәрі сол құрал-жабдықтармен оқытылып, үйретіледі. Өз қызметін тиісті деңгейде көрсететін болады. Халыққа жоғарғы сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. 90 орынға арналған онкология қарастырылған. Химия, терапия алатын бөлімдері бар. Барлық салалар осы медициналық орталықта қамтылған. 2023 жылы құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұл өзі өте үлкен нысан.

Хабар 24 телеарнасы