426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рейд өтіп жатыр

  • 498
  • UPD: 20:46, 26.01.2020
БҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рейд өтіп жатыр

Мұнда полиция қызметкерлері есепте тұрғын отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбісі ішімдікке салынып, есірткіге еліккендер. Осындай 200-дей отбасыда 400-ден аса бала өсіп жатыр. барлығы ювеналдық инспекторлардың ұдайы назарында. Құқық бұзғандарға тиісті ескерту беріліп, айыппұл салынып-ақ келетін. Бірақ одан жағдай оңалмай тұр. «Сондықтан бұл іске волонтерлер мен қайырымдылық ұйымдары, психологтар мен заңгерлер де көптеп тартылса», - дейді инспекторлар. «Тұрмыс» деп аталатын рейд басталған екі күнде 440 адам тексеріліп, жүзден аса заң бұзушылық дерегі анықталыпты.

Диляра Сатарова, ЖПҚ басқармасы ювеналдық полиция тобының инспекторы:

– Бұл отбасында 1982 жылы туған отағасы есепте тұр. Әрине, бұл жерде отбасы мүшелерінің барлығы да ащы суға үйір екені көрініп тұр. Өкінішке қарай, өздері өсіріп отырған 4 баланың тәрбиесіне олар аса бас қатырмайды. Сондықтан мұндай отбасылар қоғам назарынан тыс қалмауы тиміс деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы