432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министрлік: Коронавирусқа қатысты желіде тарап жатқан ақпарат жалған

  • 700
  • UPD: 21:58, 26.01.2020
Министрлік: Коронавирусқа қатысты желіде тарап жатқан ақпарат жалған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған коронавирусқа қатысты әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қазіргі таңда Қытайда 2,8 млн адам коронавирус жұқтырып, 112 мың адамның көз жұмғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат – жалған!» - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік осы ретте тек ресми ақпараттарға сену керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы