376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда Mitsubishi жүргізушісі үш көлікті қиратты

  • 150
  • UPD: 23:19, 26.01.2020
Ақтауда Mitsubishi жүргізушісі үш көлікті қиратты Lada.kz

Ақтауда автомобиль жүргізушісі тұрақта тұрған үш көлікке соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төрт көліктің қатысуымен болған жол апаты 25 қаңтарда болған. Жол-көлік оқиғасы ауа-райының қолайсыздығына байланысты болған. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері айтты.

Mitsubishi жүргізушісі басқаруды игере алмай тұрақта тұрған үш көлікке соқтығысты.

«Mitsubishi жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада

 

 

Хабар 24 телеарнасы